"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА АУМАҒЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 18 наурызында "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Н.Л. Тумышев, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары А. Б. Таубаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары С. Ө. Трұмовпен, С. Т. Алдашевпен, Б. А. Шелпековпен кездесу өтті.

Кездесу барысында "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ басшылығы ағымдағы қызметі және алдағы жоспарлары  туралы ақпаратты жеткізіп, АЭА одан әрі тиімді жұмыс істеуі бойынша ұсыныстар енгізді. Жобалар бойынша ағымдағы жағдайымен танысу мақсатында "EVEREST TECHNO" ЖШС (сорғы штангаларын және муфталарды өндіру зауыты), "WestEcoPlast" ЖШС (жұмсақ буып - түю ыдыстарын өндіру зауыты-биг-бэгтер), "Topan Chemical Industries" ЖШС (каустикалық сода және құрамында хлор бар зауыт) және "Chem-Invest Export" ЖШС (химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру және қоймалау зауыты) АЭА қатысушыларының объектілерінде көшпелі кездесу өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Басқарушы компанияның алдына АЭА-ны одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар міндеттер қойылды.

"Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі

Желілерде бөлісу:

  • 258